Skip to content

Балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты.…

Балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау – мемлекеттік саясаттың басты бағыты.

Қазіргі таңда балалар санының тұрақты өсімі байқалады, олар Қазақстан халқының үштен бір бөлігін құрайды.

Өңірде балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту мен сапалы оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.
Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқасында айтарлықтай оң динамикаға қол жеткізілді.
Өңірде апатты жағдайда тұрған мектептер жоқ.
Шағын мектеп жасындағы балалардың 100%-ы орта білім алу құқығымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, шалғай ауылдардан 2 000-нан астам оқушыға тегін көлік қызметі көрсетіледі.
2024 жылы Жезелин, Баянауыл және Павлодар аудандарында 3 жаңа мектеп ашылып, Павлодар қаласында Шокин атындағы гимназияның жаңа ғимараты пайдалануға берілді.

Әлеуметтік қолдау мәселесіне басымдық берілуде.
Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасы балаларына балабақшаларда тегін тамақтандыру ұйымдастырылды, олардың саны 8 000-нан асады.
Жалпы, өңірдегі оқушылардың 46%-ы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Соның ішінде соңғы 5 жыл бойы бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылуда.
Қалалық қоғамдық көліктерде 90 000 оқушыға тегін жолақы беріледі.
Балаларға қосымша білім беру саласындағы қолжетімділікті арттыру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынуда. Қуаныштысы, 2024 жылы бұл бағыттағы мүмкіндік екі бірлікке артты. Бүгінде балалардың 96%-ы мектептің қосымша үйірмелері мен білім беру ұйымдарында білім алып, дамуда.
Жыл сайын спорттық инфрақұрылым жаңарып, балаларымыз әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстар мен турнирлерде топ жарып жүр.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *