Skip to content

Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау – Наурыз мейрамы. Бұл мереке…

Ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау – Наурыз мейрамы. Бұл мереке көктем мейрамы ғана емес, әрі қазақ халықының Жаңа жылы болып, еліміздің бірігіп тойлайтын достық, бірлік, бейбітшілік мейрамы. Қыстан аман шығып алдағы қуанышты күндерге үміт беретін мереке.

Ұлттық дәстүрді ұстана отырып, кітапхана төрінде оқырмандарымызбен бірге Наурыз думан мейрамы тойланды. Павлодар Торайғыров университетінің «Орындаушылық өнер» кафедрасының студенттері: Бейбіт Аманбол, Жұмабекова Томирис, Көшербаева Райхан, Мухиден Динаның, Бейбіт Нұрайым, Бейсен Айдын, Қабидолла Әсел және біздің № 121 балабақша бүлдіршіндері өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар «пәледен құтқарады бір бата, адам болмас бата естіп өспеген» демекші Баяндин Еркін және Теміров Оразбек ағалар өз баталарын берді. Кітапхананың тұрақты оқырманы Аккузинова Бағжамал апа авторлық өлеңін оқыды. Мереке соңында қонақтарымызға «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, төрт түлік ақты болсын» деп ақ ниетпен Наурыз көже мен бауырсақ таратылды.

Наурыз мейрамы барша елге құтты болсын!

Наурыз – это главный праздник в году как у казахов, так и у многих народов Азии. Это праздник весны, обновления природы, начала нового года, новой жизни. Люди заранее готовились к встрече этого праздника.

Традиционно в областной специальной библиотеке было организовано праздничное мероприятие, посвященное светлому празднику Наурыз, которое началось с обряда «Шашу». В торжественном мероприятии участвовала активный читатель спец. библиотеки: Аккузинова Б., которая прочитала авторское стихотворение про Наурыз, а так же выступали дети «Детского Сада №121», которые танцевали, пели и рассказывали стихотворения по тематике мероприятия. Студенты НАО «Торайгыров Университет» кафедра «Исполнительское искусство» исполнили традиционные, национальные песни о Наурызе, которым по окончании мероприятия вручили благодарственное письмо.

Во время праздничного мероприятия гостям были поданы угощения – Наурыз коже и баурсаки. В завершении праздничного мероприятия по казахским традициям активные читатели Баяндин Еркын и Темиров Оразбек дали бата.

#біртұтас_тәрбие
#біртұтас_тәрбие_pvl
#біртұтас_тәрбие_pvl_pavlodar

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *