Ата-аналардың назарына!
Павлодар қаласында INDIGO жүйесін мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік (жеке) қаржыландыру жүйесіне көшіру жұмыстары басталды.
Техникалық жұмыстар жүргізілуіне байланысты:
2025 ғы 2 мамырдан бастап қаладағы мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа жолдамалар беру тоқтатылады.
5-6 мамыр күндері жүйенің жұмысы толықтай тоқтатылып, кезектерді конвертациялау және ваучерлік режимге ауыстыру жүзеге асырылады.
Толық ақпаратты келесі телефон нөмірі арқылы алуға
болады: 8 (7182) 32-07-61 немесе Кривенко көшесі, 25, 408-кабинет мекенжайына жүгініңіз.
Сондай-ақ indigo-pavlodar.e-orda.kz сайтының техникалық қолдау қызметіне жүгінуге болады.




